279
Шетелден келген ұлтты қазақ студенттердің визасы ұзартылды
Шетелден келген ұлтты қазақ студенттердің визасы ұзартылды
«С9» санатындағы білім алуға арналған виза Қазақстанның білім беру ұйымдарында оқып жатқан студенттерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Атап өтейік, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуіне шақырту ресімдеу, Қазақстан визасын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ оның қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидасы қолданыстағы заңнаманың 49-тармағымен (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы) реттеледі.
Ал визаның қолданылу немесе Қазақстан аумағында болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстанның аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық жағдай орын алса, я болмаса рейс, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімі кідірген жағдайда «В20» санатындағы виза беру қарастырылған.
Осыны ескере отырып, көші-қон мәртебесін реттеу және шығу визасын ресімдеу үшін көші-қон қызметінің аумақтық басқармасына жүгіну керек.
Қазақстан азаматтығы жоқ ұлтты қазақ студенттердің елде болу мерзімін ұзарту туралы толығырақ білу үшін 1404 нөміріне хабарласып, сұрауға болады.