349
Алматы облысында бюджет қаражатының 65 пайызы білімге бағытталады
Алматы облысында бюджет қаражатының 65 пайызы білімге бағытталады
Алматы облысында биылғы жылы білім саласының бюджеті 314,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд. теңгеге артып отыр. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65%-ы білім саласына бағытталады.
«Облыстағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Бірақ қашықтан оқыту жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу ісіне ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасадық», – деп атап өтті А. Баталов. Оның айтуынша, биылғы жылы білім саласының бюджеті 314,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд. теңгеге артып отыр. Осындай мүмкіндіктердің арқасында өңірдегі білім сапасы артып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда білім сапасы 10,8%-ға артып, 65,4% жеткен.