Нұралы Әбішев: Шағын және орта бизнесті өркендетуге үлес қоссам деймін

Нұралы Әбішев: Шағын және орта бизнесті өркендетуге үлес қоссам деймін

Нұралы Әбішев: Шағын және орта бизнесті өркендетуге үлес қоссам деймін
ашық дереккөзі
785
Нұралы Әбішев – Партияішілік іріктеуге Түркістан облысы, «Бөрте» бастауыш партия ұйымынан қатысуға үміткер, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі және «Бөрте Милка» ЖШС директоры. Еліміздің, атап айтқанда оңтүстік өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген ол, өңірдің мал шаруашылығын табысты дамытып келеді. Сонымен қатар  жүздеген адамды тұрақты жұмыспен, ал нарықты сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Түркістан облысында танымал меценат түрлі қайырымдылық акцияларына белсенді және үнемі қатысады. – Праймеризге қатысудағы ең басты мақсатым – әрине, халықтың мұң-мұқтажын елеп-ескеру, жағдайының жақсаруына, өркендеп өсуіне септігімді тигізу. Екінші жағынан шағын және орта бизнесті дамытуға үлесімді қосқым келеді. Кәсіп бастаймын деген ниеті барлардың алдында тосқауылдар да аз емес: бірінің қаражаты жоқ, бірінің тәжірбиесі жетпей жатады. Экономикадағы кәсіпкерлердің үлесін арттырып,  оларды дамытуға бөлінетін қаражат көлемін арттыру бойынша ұсыныстар енгізгім келеді. Ал елде шағын орта бизнес қанатын кеңге жаймаса, экономика өркендемейтіні анық. Мен өзім Мақтаарал ауданы, Жетісай өңіріненмін. Ол жақта халық саны көп екені белгілі. Соған сәйкес жұмыс орындары да аз. Адамдарды жұмыспен қамту мәселесін де назардан тыс қалдырмаймын деген ниеттемін. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын реттеуге, ауылдық жерлердегі инфрақұрылым мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға,  аграрлық секторды, мал шаруашылығын қаржылай қолдау көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарылуы тиіс, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Халықтың жағдайын жақсартуға үлес қосамын деген ниеті барларға даңғыл жол ашылып отыр. Бұл праймериз – елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын, – дейді Нұралы Әбішев.

Серіктес жаңалықтары