Альбина Елшиева: Елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік

Альбина Елшиева: Елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік

Альбина Елшиева: Елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік
ашық дереккөзі
493
Праймеризге қатысуға өтініш білдірген, нақты мақсаты мен айқын жоспары бар аза­мат­тар­дың саны көбейіп жатыр.  Пар­тияі­­шілік іріктеуге «Тұран» бастауыш партия ұйы­мының төрайымы Альбина Балға­байқызы Шымкент қаласынан қатысуға ниет білдірген. – Мен өзім бұрыннан қоғамдық жұмыс­тарға белсене араласамын. «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымымын. Партия­ның жұмыстары, басқа да түрлі қоғамдық шаралар таңсық емес десем де болады. Ха­лықтың сөзін, түрлі мәселелерін, мұң-мұқтажын мемлекеттік органдарға, билікке жеткіземіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасын дамы­туымыз керек. Сондықтан ешқандай проб­леманың назардан тыс қалмауы қадағалануы керек. Мақсатым – халық пен биліктің арасында көпір болу, өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысу деп нық айта аламын. Праймериз – елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік екені сөзсіз.  Депутат болу – билікке қол жеткізу емес, халыққа жақын болу. Сондықтан да осы праймеризде ең мықты, лайықтылардың іріктелетініне сенімдімін.

Серіктес жаңалықтары