6263
Түркістан облысында 7 айда 654 мың тонна өнім экспортталған
Түркістан облысында 7 айда 654 мың тонна өнім экспортталған
Жыл басынан бері Түркістан облысының шаруалары жалпы құны 69,9 млн АҚШ долларын құрайтын 654 мың тонна өнімді экспорттады. Соңғы жылдары мал етін өндіруде Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді.
Айталық, соңғы 7 айда Түркістан облысынан Өзбекстан, Ресей елдеріне 4 100 тонна сиыр, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 243,8 тонна қой, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еттері экспортталыпты. Осы жұмыстардың нәтижесінде ірі қара мал етін экспорттауда Түркістан облысы елімізде алдыңғы қатардан көрініп отыр.
Бұдан бөлек, өңірде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 43,4 мың тоннаға жеткен. Ал қаржылық әлеуеті 40,5 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көлем жыл соңына дейін 97,2 млн АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануда.
Түркістан облысынан Еуропаның Германия, Литва және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 1 445,9 тонна балық өнімдері жөнелтілген. Сонымен қатар 11,2 тонна шұжық өнімдері мен 1 468 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылған.