Солтүстік Кореяның қанша ядролық қаруы бары анықталды

Солтүстік Кореяның қанша ядролық қаруы бары анықталды

Солтүстік Кореяның қанша ядролық қаруы бары анықталды
ашық дереккөзі
622
Солтүстік Кореяның 60-қа жуық ядролық бомбасы мен арсеналында 5000 тонна химиялық қару бар екені анықталды. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.  Бұл туралы АҚШ-тың  Daily Mail басылымында жарық көрген. Онда «Солтүстік Кореяның ядролық қаруы туралы мәліметтер әртүрлі болып, елде 20-дан 60-қа дейін ядролық бомба бар және жылына дәл осындай алты қару шығаруға мүмкіндігі бар», - делінген құжатта. Баяндама авторларының пікірінше, 2020 жылдың соңына қарай Солтүстік Корея 100-ге дейін әскери оқтұмсық шығаруы мүмкін. АҚШ әскерилерінің сөзінше Пхеньян осындай үлкен қару-жарақ қорын басқа мемлекеттердің елдегі режимді өзгерту әрекетіне қарсы жағдайға сақтайды дейді. Сарапшылардың ойынша Солтүстік Корея кез келген қақтығыста бактериологиялық қаруды қолдану мүмкіндігі жоғары. Ондағы зымыранға қондырылған бір фунт (454 грамм) күйдіргі 50 мың адамды жойып жіберу мүмкіндігі бар. Бұған дейін БҰҰ да Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы баяндама жасаған болатын. БҰҰ мәліметі бойынша, Пхеньян соңғы 6 ядролық сынақтардың нәтижесінде шағын көлемді ядролық құрылғыны жасаған.

Серіктес жаңалықтары