196
Мали президенті әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен қуылып, қамауға алынды
Мали президенті әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен қуылып, қамауға алынды
Мали президенті Ибрахим Бубакар Кейта өзінің отставкаға кететінін жариялап парламенттің таратылатынын мәлімдеді. Ол мұны өзі мен премьер-министр Бубу Сиссенің елдегі әскери төңкеріс кезінде қолға түскеннен бірнеше сағат өткен соң айтқан. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.
Кейта телеарна арқылы жсаған мәлімдемесінде билікте қалу үшін қантөгістердің болуын қаламайтынын айтып: ««Мен дәл қазір Мали халқына көптеген жылдар бойы маған көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді және мен барлық биліктен бас тартатынымды мәлім етемін. Ұлттық ассамблея мен үкіметте таратылады. Мен билікті сақтап қалу арқылы қантөгістің болуын қаламаймын. Егер қарулы күштердің кейбір бөліктері мұны қаласа, менің басқа таңдауым болады ма?», – деген ол.
Ибрахим Бубакар Кейта 2018 жылғы президенттік сайлауда қайта жеңіске жеткен еді, бірақ соңғы жылдары Малиде сыбайлас жемқорлықтың күшейе түсуі, экономикалық өсім бәсеңдеді және елдің кейбір аймақтарында зорлық-зомбылық күшейе түсті. Елдегі кедейліктің салдарынан халықпен әскерилер көтеріліске шыққан.
Сейсенбі күнгі таңғы уақытта басталған Бамако маңындағы Кати әскери базасында оқ атудан басталған әскери көтеріліс әскери лагерьді бақылауға алғаннан кейін президенттік резиденцияны қоршауға алды. Резиденцияда болған президент пен премьер-министр және бірнеше министрлер мен парламент спикері және бірқатар әскери шенеуніктер де қамауға алынған.
Көтеріліске Катидегі әскери база командирінің орынбасары полковник Малик Дяу және генерал Садио Камара басқарған.