Мемлекет басшысы Абай Байгенжинді қабылдады

Мемлекет басшысы Абай Байгенжинді қабылдады

Мемлекет басшысы Абай Байгенжинді қабылдады
ашық дереккөзі
292
Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады. Бұл туралы Ақор­даның баспасөз қызметі хабарлады. Абай Байгенжин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық ғылыми медицина орталығы атқарған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады. Басқарма төрағасының айтуынша, ор­талық құрылғаннан бері 174 мың адам емделіп шыққан. 81 мың азамат­тың жүрегіне ота жасалған. 61,5 мың нау­қасқа жалпы ота жасалып, емдел­ген. Оның 70 пайызына жаңа техноло­гиялармен ота жа­сал­ған. Абай Байгенжин отаны жаңа тех­нологиялармен жа­сау арқылы адам ағзаларын сақтап қалу­ға мүмкіндік бар екенін айтты. Со­нымен қатар осындай ота жасаудың арқасында көптеген ғылыми-зерттеу жұ­мыстарының жүргізілгенін жеткіз­ді. Бұдан бөлек, Ұлттық ғылыми медицина орталығы онкологиялық ауру­лар­­ға шалдыққан науқастарды емдеп, 477 адамның құлан-таза айығып кетуіне септігін тигізген. Басқарма төра­ға­сы пандемия кезінде коронавирус жұқтырған азаматтарды емдегендерін де атап өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақ­тауда үлкен жұмыс атқарып жат­қа­нын айтып, алдағы қызметтеріне ті­лек­тестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары