Жемқорлық үшін жаза қатаң болуы тиіс

Жемқорлық үшін жаза қатаң болуы тиіс

Жемқорлық үшін жаза қатаң болуы тиіс
ашық дереккөзі
244
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қа­был­дады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Алик Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы есеп берді. Агенттік төрағасы саяси мемлекеттік қызметшілер мен жауапты басшыларды сыбайлас жем­қорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін қызметінен босатуға және нормативтік-құқықтық актілерді жемқорлыққа қарсы сараптама- дан өткізуді қалпына келтіруге қатысты Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Президент мемлекеттік органдардың жұмысына қызмет көрсету моделін енгізудің маңызын атап өтіп, агенттіктің азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарына оң баға берді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы 19 тамыз күні Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте жемқорлық қыл­мыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиім­ділігін арттыруға қатысты берілген тапсырмаларды тезірек заң жү­зінде іске асырудың қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары