Шахматта да, саясатта да алдын ала ойлау дағдысы аса қажет – Жансая Әбдімәлік

Шахматта да, саясатта да алдын ала ойлау дағдысы аса қажет – Жансая Әбдімәлік

Шахматта да, саясатта да алдын ала ойлау дағдысы аса қажет – Жансая Әбдімәлік
ашық дереккөзі
624
Әйгілі шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік 2000 жылы Алматыда туған. Небары он төрт жасында гроссмейстер атанған.  2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын алды. Талай шахмат додасына қатысып жеңімпаз атанған Жансая Даниярқызы праймеризге қатысып жатыр. Осыған орай шахматшы қыздың праймериз туралы пікірін білген едік. Жансая ӘБДІМӘЛІК, шахматшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері: – Праймериз  –  менің саясатқа жасаған алғашқы қадамым. Байқауымша, праймеризге жастар тарапынан өте көп көшбасшы қатысқалы жатыр. Егер олар білімді, ақылды, өз күшіне сенімді болса, онда елімізде жағымды өзгерістер неге болмасқа? Шахматта да, саясатта да алдын ала ойлау дағдысы аса қажет. Нәтижеге деген жолың бір қадаммен шектелмейді. Онымен қоса, кез келген мәселеге жан-жақты қарау керек. Әр мәселенің бірнеше шешімі бар, соның ішінен ең тиімдісін табуың керек. Бұның барлығын шахмат үйретедi.

Серіктес жаңалықтары