Праймериз – интеллектуалды жастардың шығуына мүмкіндік береді

Праймериз – интеллектуалды жастардың шығуына мүмкіндік береді

Праймериз – интеллектуалды жастардың шығуына мүмкіндік береді
ашық дереккөзі
366
Назерке Кусесова – Атырау облысындағы жас кәсіпкер. Қоғам белсендісі. «Айкөркем» және «Райымбек» шаруа қожалықтарының төрайымы. Назерке Берікқалиқызы праймеризге қатысып жатыр. Осыған орай, жас кәсіпкердің праймериз туралы көзқарасы және алдағы жоспарлары жайлы әңгімелескен едік.  width= –  Назерке ханым, праймериз туралы сіздің пікіріңіз қандай? Бұл қадам елімізде оң өзгерістер жасауға ықпал ете ала ма? – Праймериз – Nur Otan партиясының көшбасшылары мен белсенді мүшелерін анықтаудың әділ, әрі тиімді жолы. Мені әсіресе праймеризді өткізу ережесінің тізімінде әйелдердің кемінде 30 пайыз және 35 жасқа дейінгі жастардың кемінде 20 пайыз болуы қуантты. Мысалы жастардың арасында елдің мәсе­лесін көтеруге қабілетті, интеллектуалдық деңгейі жоғары азаматтардың шығуына мүмкіндік береді. Яғни, жастардың билікке келуіне жол ашады. –  Праймеризге қатысуда қандай мақсат қойдыңыз? –  Менің мақсатым – бұл берілген мүмкіндікті пайдаланып, ауыл шаруашылығын одан арі дамытуға, оны әлемдік бәсекеге сай деңгейге жеткізуге үлес қосу. Шаруа қожалығының басшысы, бизнес-тренер ретінде өзім сияқты жастарды атакәсібімізді өркендетуге баулу. –  Алда мандат алсаңыз, Атырау өңіріне қандай қызметтер атқарар едіңіз? –  Жастардың бизнес, ІТ сауаттылығын артыруға бағытталған және атакәсібіміз мал шаруашылығын жандандыруға жаңа қарқын беретін мемлекеттік бағдарламаларды жасақтауға үлес қосар едім. –  Сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Бақытбек Асқарұлы

Серіктес жаңалықтары