Талдықорғанда 13 қабатты студенттер жатақханасы пайдалануға берілді

Талдықорғанда 13 қабатты студенттер жатақханасы пайдалануға берілді

Талдықорғанда 13 қабатты студенттер жатақханасы пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
334
Талдықорғанда студенттерге арналған 288 орындық көпқабатты жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» аясында жатақхана құрылысы өткен жылы қолға алынған болатын. Талдықорған қаласының «Қаратал» шағын ауданында ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған аяқсыз құрылысты облыс әкімі А.Баталов коммуналдық меншікке өткізіп, студенттер жатақханасы ретінде қайта салуды тапсырған болатын. Соның нәтижесінде айналасы бір жылдың ішінде 13 қабатты сәулеті келісті жаңа жатақхана бой көтерді. Талдықорғандағы бірден бір жоғары оқу орны І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері үшін беріліп отырған бұл нысан білімгерлердің өмір сүру жағдайын жақсартып, білім сапасын арттыруға ықпал ететін қадам болмақ.

Серіктес жаңалықтары