Толқын Ақанұлы, дәрігер: Қазақ дәрігерлігінен қол үзіп қалды

Толқын Ақанұлы, дәрігер: Қазақ дәрігерлігінен қол үзіп қалды

Толқын Ақанұлы, дәрігер: Қазақ дәрігерлігінен қол үзіп қалды
ашық дереккөзі
2408
Толқын Ақанұлы Шы­ғыс Түркістан, Тар­ба­ғатай ай­ма­ғында дү­ние­ге кел­ген. Қытай Халық Рес­пуб­ликасын­да 20 жыл бойы емха­на­да дәрігер және диспансердің бас­шысы бол­ған. Қазіргі кезде ата­жұртқа ора­лып, қазақ дәстүрлі емшілігін дамы­тып отыр. Академик-дәрігердің  ақын­дығы мен сазгерлігі де бір тө­бе: Қазақстан Жазушылар одағы­ның және Еуразия жазушылар ода­ғының мүшесі. Жуырда «Қара­ғайбастауым» атты жыр жинағының тұсауы ке­сіліп, оқырманға жол тарт­ты.  Осы орайда Толқын Ақанұлы­мен өр­біткен сұхба­тымызды назар­ла­­рыңыз­ға ұсынамыз. – Жұрт сізді қазақ дәстүрлі емші­лігі­нің білікті маманы ретінде таниды. Со­нымен қатар ақындығыңыз да бар. Осы орайда Ибн Синаның «Дәрігердің ау­руды емдеуге үш құралы бар: алғаш­қы­сы – сөз, сосын емдік шөптер, одан кейін ғана пышақ» деген сөзі еске тү­седі. Қазіргі кезде ғылымда сөз құ­діре­тіне қатысты суггестия ұғымы қалып­тас­ты. Өлеңге жақын болуыңыз кез­дей­соқ емес сияқты? – Адамды емдеу үшін адамға рухани көңіл күй сыйлау керек. Мұны медицинада «дәрігерлік мораль» дейді. Яғни, емделушіні жа­­қын тартып, ауруының қатерлі емесін, жа­зылып кететінін айтып үміт сыйлайтын бол­саңыз, ол жартылай жеңілдейді. Рухани тұр­ғыдан жеңілген адамға дерт екі есе қиын тиеді, яғни ауру жеңіп кетеді. Сыр­қат­танған адамның көңіл күйінің түспеуі оның ауруға қарсы күшінің, яғни иммун­дық жүйесінің мықты болуына негіз бо­ла­ды. Дәрі-дәрмектің қонымды болуы да осы рухани халге тікелей байланысты. Яғни, дәрігерлік пен ақындықтың бойым­­­нан қатар табылуы кездейсоқ емес де­сем де болады. Менің алғашқы кітабым «Үміт сыйлағым келеді» деген атпен шық­қан болатын. Кей адамдар жырға, өлеңге құмар келеді, керісінше кей адамдардың қы­зығушылығы одан бөлек болуы мүмкін. Қы­зықпаса да, сөз құдіреті әсер етпейтін адам кемде-кем ғой. Дәрігер ең алдымен адамға үміт сыйлай білуі керек, дертіне дауа іздеген жанның көкірегінде тұтанған үміт оны әрі қарай жетелейтін шамшырақ сияқ­ты. – Осыған дейін «Үміт сыйлағым ке­леді» атты жинағыңыз жарық көр­ге­нін айтып кеттіңіз. Жақында «Қа­ра­ғай­бастауым» атты кітабыңыздың тұсау­кесері өтті. Бұл жинаққа қандай туын­дылар топтастырылды? – Мен Қытай Халық Республикасының Тар­бағатай аймағындағы Толы ауданында дү­ниеге келгенмін. Сол жерде «Қара­ғай­бас­тау» атты қасиетті бастау бар. Шыңжаң қа­­­зақ­тарының ішінде ол туралы біл­мей­тін­дер кемде-кем. «Қарағайбастаудың суын ішсең, не әнші боласың, не күйші боласың, не ақын боласың» деген сөз бар. Шынымен де өнерімен танылып, дарынымен дәріп­тел­ген азаматтардың бірталайы осы қа­сиет­ті бұлақ бойында туып-өскен. Менің дә­рігер бола тұра ақын болуымның себебін осы бастаудың қасиетінен бөле қарауға бол­майтын шығар. Бұл жинағымда туған же­ріме арналған, сол жақта қалған ағайын- туыс­тарыма деген сағыныштан туған өлең­дерім топтастырылды. – Халық емшілігі уақыт өте келе бас­қаша сипат алып, ұмытылып бара жат­қан жоқ па? Жалпы, халық ем­ші­лігі мен кәдімгі медицинаны бөліп-жаруға бола ма? – Негізінен «халық емшілігі» – жалпақ тіл­мен айтқандағы қосымша атау. Оны «қа­зақ дәрігерлігі» деп айтқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Тіпті, осыдан 5-6 ғасыр бұ­рын­ғы уақыттың өзінде қазақ дәрігерлігінің шоқ­тығы биік болған. Басқа ұлттар мен ел­дердің дәрігерлігінен оқ бойы озық бол­ды десем де артық емес. Кейінгі уақытта біз­дің құндылықтарымыздың барлығы жо­қ­қа шығарылып, тұрпайы түсінік ре­тінде өз-өзімізге қарсы қойыла бастады. Со­ның ішінде осы қазақ дәрігерлігінен де қол үзіп қалдық. Қазақ дәрігерлігінің шөп дәрімен емдеу, түр­лі жануарлардың терісімен, мүйізімен ем­деу тағы да сол сияқты тәсілдер көп бол­ған. «Бақсы» ұғымы да санамызда басқаша си­пат алып кетті. Негізінен бұл сөз «бақшы» дегеннен шық­қан, яғни адамдарға бақ сыйлайтын, әл үстінде жатқан ауыр науқастарды құлан-таза айықтыруға қауқарлы адам. Бақсылар қауым елді жинап, ән-жыр айтатын болған. Он­дағы мақсат – халықты таңғалдыру не­месе бейтарап күшке түсіру арқылы ішкі энер­гияларын өзіне алатын болған, кейін сол ішкі күшті ауырып жатқан адамға да­рыту арқылы оны аяғынан тік тұрғызған. Бақ­сылардың ел ауызындағы басқа да таң­ғажайып әрекеттері де соған байланысты. Қазіргі күні мұның бәріне ешкім сенбейді, өті­рік дүние деп жоққа шығарады. Әр халықтың медицинасы бір-бірінен ерек­шеленуі заңдылық. Соған сәйкес бір ел­дің өкіліне басқа елдің ем- шаралары кері әсер беруі де мүмкін. Ал қазақ дәрігерлігінің ең басты, маңдайалды ерекшелігі – сы­нық­шылық. Ондай қабілеті бар адамдар өзге елдерде болмаған. Осы сынықшылыққа байланысты ел ау­зында мынадай бір аңыз бар. Жоңғар шап­қыншылығы кезінде қазақтың қол бас­таған батырының ортан жілігі сынып, қат­ты жарақат алады. Мұны әлбетте жоң­ғар­лар жеңіске балайды. Алайда 2-3 күн уа­қыт өткеннен кейін әлгі батыр атқа қо­нып, шайқастың бел ортасында жүреді. Мұ­ны көрген олар «бұл неткен құдірет!» деп таңырқаған деседі. Бүгінде осы айтылғандардың бәрі ғы­лыми тұрғыдан нақтыланған. Ілім-ғылым жүйеленбеген кездің өзінде біздің халық осының барлығынан хабардар болған. Яғ­ни, қазақ дәрігерлігі – ғылым мен руха­ният­тың жең ұшын жалғаған десек артық емес. – Соңғы уақытта елімізде шетелдік ме­дицина әдебиеттеріне сұраныс ар­тып отыр. Осы жанрда еңбек жазу ойыңыз­да бар ма? – «Қарағайбастауымнан» кейін «Емші кә­­десі» атты 320 беттен тұратын кітап жаз­дым. Оның бүкіл мазмұны дәрігерлік жайын­да, яғни осы уақытқа дейін жиған тә­жірибелерімді, көрген-білген, оқыған-то­қығандарымды қағаз бетіне түсірдім. Жуыр­да «Nur Otan» партиясының қол­дауы­мен кітаптың тұсаукесері өтті. Алдағы уа­қыт­та Еуразия ұлттық университетінде жә­не бірқатар кітапханада кітаптың тұ­саукесер рәсімі жалғасады деп жоспарлап отырмын. – Коронавирус пандемиясы күзде одан әрі өршиді деген болжам бар. Әлеу­меттік желілерде иммунитетті кө­теруге қатысты өтірік-шыны аралас ақ­парат көп. Инфекциядан сақтану­дың жолдары қандай? Негізі, көптеген вирус ұжымдық им­му­ни­тет қалыптастыру  және вакцинациялау ар­қылы ауыздықталады. Ұжымдық им­му­ни­тет қалыптасқан, яғни адамдар жаппай ауырған аймақтарға дерттің қайта айналып келуі сирек немесе болмауы да мүмкін. Коронавирус инфекциясының басқалардан айырмашылығы сонда – бұл вирус көптеген аурудың будандасуы, бірнеше вирус бір жерге біріктірген. Біреуіне иммунитет қа­лып­тасса, екіншісіне қалыптасып үлгермей жатқандықтан, бірін тізгіндейтін вакцина екіншісіне қауқарсыз болғандықтан, бұл дертке дауа табу қиын болып тұр. Осы орайда халыққа айтарым: бұл ау­ру­дан сақтану керек, бірақ қорқудың қа­жеті жоқ. Кейбіреулер сақтанамыз деп асы­ра сілтеп жатады. Әр нәрсе өз орнымен бол­са, тазалық сақталса, иммунитет те қа­лыптасады. Қорытындымды сөзімнің әл­қиссасымен ұштастырғым келіп отыр. Ру­хани күштің басым болуы – барлығын жеңуге қауқарлы.

Серіктес жаңалықтары