Қауіп жоқ деме...

Қауіп жоқ деме...

Қауіп жоқ деме...
ашық дереккөзі
582
Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары жарылыстар мен өрттер, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты табиғи және күтпеген апаттар туралы ақпа­ратты үзіліссіз хабарлап отырады. Мұндай апаттар өкінішке қарай материалдық, кейде тіпті адам шығынысыз болмайды. Осы орайда айтпай келетін апаттың алдын алып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың еңбегі айтпаса да түсінікті. Қыста боран, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны елді әбігерге салады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып жатады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға не­гізінен өнеркәсіптік, транспорттық және басқа да апаттар, өрт (жарылыс), улы, радиоактивті және био­логиялық қауіпті заттардың ауаға жайылуы не­гізінде болған апаттар, үйлер мен құрылыстардың аяқ астынан бұзылуы, бөгеттердің ашылуы, элек­троэ­нергетикалық және коммуникациялық жүйе­лердегі, тазарту құрылымдарындағы апаттардан болатын төтенше жағдайлар жататыны белгілі. Төтенше жағдайдың алдың алу мәселесі еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ қолға алынды. Мысалы, 1993 жылы Елбасының табиғи және техногендік сипаттағы түрлі апаттардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулысы шықты. Онда «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экономиканың мемлекеттiк секторының экономикалық әлеуетiн сақтау жө­нiнде уақытылы шаралар қабылдамағаны үшiн жеке-дара жауап бередi» деп нақты айтылған. Қазіргі кезде халықты төтенше жағдайлардан қор­ғайтын өкілетті орган – Қазақстан Ішкі істер ми­нистрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті. 2019 жылғы 6 ақпанда сол кездегі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.  Аталған жиында түрлі апаттардың алдын алу, оның ішінде «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупін жою және алдын алу жөніндегі кешенді шаралар» ту­ралы айтылды. Соңғы екі жылда сапасы жақ­сартылған 64 көпірге, 119 гидротехникалық құрыл­ғыға жөндеу жүргізіліп, 174 қорғаныш дам­басы салынған және күшейтілгені баяндалған еді. Толықтай алғанда, Жол картасымен шамамен 600 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған болатын. Биыл су тасқынының алдын алу мақсатында 13,5 мың тонна жанар-жағармай, 152,6 мың тонна инертті материалдар, 840 мың құм салынған қап және 47 тонна жарылғыш заттар қоры дайындал­ғаны, елді мекендерден 8,8 млн текше метрден астам қар шығарылғаны айтылған еді.  Сонымен қатар эвакуацияланған халықты қабылдайтын 1 707 пункт дайындалды, эвакуациялау бағыттары жаңар­тылды, жалпы саны 9 мың адамнан және 1 730 бірлік техникадан тұратын ІІМ күштері мен құралдары дайындалды. Халықты хабардар ету жә­не оқыту жұмыстары да қолға алынған еді.  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  Қазақстан ІІМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен бір­лесіп көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағ­дайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатқанын мәлімдеген болатын. «Қазгидромет» апта сайын гидрологиялық бол­жамдарды ұсынып  отырады. Одан бөлек, су тас­қыны қаупі төңген жағдайда, 2-3 тәулік бұрын дауыл­ды ескертулер беріледі. Негізі, осындай ес­кертулер норма бойынша 6 сағат бұрын берілуі тиіс. Осы тектес алдын алу шаралары әр маусым сайын жүзеге асырылып отырады. Қарқынды жұ­мыс, әрине өз нәтижесін беріп те отыр. Бұл болжауға келетін, алдын алуға болатын апат­тар десек, күнделікті орын алып жатқан, болжап білуге келмейтін, жазатайым оқиғалардың да болатыны белгілі. Мұндай жағдайда 112 нөмірін теру арқылы құтқару қызметіне жүгінетініміз анық. Ал білікті маман бірнеше секунд ішінде кімді көмекке жіберу керегін анықтайды, содан кейін олардың өз жұмысын қалай орындағанын бақылайды. 112 телефон нөміріне қоңырауларды қабылдау кез келген телефоннан жүзеге асырылады. Байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да, бір­лігіңіз таусылып қалса да, 112-ге хабарласа аласыз. Тіпті, телефондағы SIM картасыз да теруге болады. Құтқарушылар кез келген жағдайда көмекке бірін­ші болып келеді.  Мұнда көптеген маман­дық­тардың дағдыларын меңгерген әмбебап ма­мандар: дәрігерлер, барлық санаттағы жүргізу­шілер, өрт сөндірушілер, сүңгуірлер, альпинистер, кинологтар, механиктер, газ-электр дәнекерлеушілері тәулік бойы жұмыс істейді. Құтқарушылар әрқашан дайын­дық жағдайында болады.  Олар кез келген қоңы­рауға жедел келіп, әр жазатайым оқиғаға кө­мектеседі. Сонымен қоса аталған қызмет ауа райын­дағы түрлі құбылыстар туралы халыққа ал­дын ала ескертіп, ақпар беріп отырады. Жалпы айтқанда, табиғи техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың қауіп-қатері жайлы ескертумен айналысатын мемлекеттік орган­дардың атқарып жатқан жұмысы жүйелі деуге негіз бар. Апат айтып келмейтіні түсінікті, де­сек те сақтанғанды ғана сақтайтыны тағы бар.  

Серіктес жаңалықтары