COVID-19: Бразилияда бір күнде 682 науқас көз жұмды

COVID-19: Бразилияда бір күнде 682 науқас көз жұмды

COVID-19: Бразилияда бір күнде 682 науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
310
Бразилияда бір тәулік ішінде 682 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Пандемия басталғалы Бразилияда 126  203 адам көз жұмған. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 4 123 000 адамға жетіп отыр. Өткен тәулікте мемлекеттің тағы 30 168 тұрғынынан қатерлі вирус анықталды. Еске сала кетейік, өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді. 24 сағат ішінде індетке шалдығудың 304 626 жаңа жағдайы тіркеліп, антирекорд жаңартылды. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға келсек, өткен тәулікте елімізде 76 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 106 301-ге жетті.

Серіктес жаңалықтары