Литва президенті Беларусь билігі мен наразы топ арасында араағайындық жасауға дайын

Литва президенті Беларусь билігі мен наразы топ арасында араағайындық жасауға дайын

Литва президенті Беларусь билігі мен наразы топ арасында араағайындық жасауға дайын
ашық дереккөзі
249
Литва президенті Гитанас Науседа Белоруссия билігі мен наразылық акциясына қатысушылар арасында дәнекер болып, елдегі жағдайды реттеуде көшбасшылықты өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Литва басшысының  баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости. Науседа Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Белоруссиядағы жағдайды талқылаған. Елдегі толқуларды басып, тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектесу үшін Литва мен Украина күш біріктіруге ниетті. «Литва басшысы Гитанас Науседа біздің мемлекетіміз араағайындық танытып, Беларусь билігі мен наразы топ арасында дәнекер болуға дайын екенін атап өтті. Президенттің сөзінше, бұл Литваның репрессиялық және басқыншылық режімдерден зардап шеккен еркін мемлекет – ЕО мүшесі ретіндегі міндеті. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, 30 жыл бұрын Исландияның Литва тәуелсіздігін қалпына келтіру кезеңінде көрсеткен қолдауы көшбасшылар мен азаматтық қоғамды жігерлендіріп, еркіндікке жетуге жұмылдырды. Литваның және біздің ынтымақтастық жөніндегі бастамамызды қолдаған өзге еуропалық мемлекеттердің мақсаты да осындай», - делінген Литва президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, Науседа мен Зеленский Белоруссиядағы жағдайды реттеудің негізгі жолы ретінде ЕҚЫҰ бақылауымен жаңа, әділ және демократиялық президент сайлауын өткізу қажет деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары