Нұр-Сұлтанда жыл сайын 10 мың пәтер табысталады

Нұр-Сұлтанда жыл сайын 10 мың пәтер табысталады

Нұр-Сұлтанда жыл сайын 10 мың пәтер табысталады
ашық дереккөзі
320
«Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда іске асырылатын жобаларды таныстырды. Партия еліміздің өңірлері бойынша 216 сайлауалды бағдарламасын жариялады. Жобаларды алдағы 5 жылда іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобаларды жетілдіру мақсатында партия еліміздің азаматтарын жобаларды талқылауға қатысуды шақырады. Бас қаланың тұрғындарын толғандыратын баспана мәселесі «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. Елорда халқының саны үнемі өсіп келеді жəне көбірек тұрғын үй қажет. Қазіргі уақытта қалада 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуда, 2020 жылы 3 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек. 47 мың адамның тұрғын үй кезегін жеңілдету үшін құрылыс көлемі 3 есеге артты.  width= Ағымдағы жылы – 8 мың пəтер, 2021 жылы – 10 мың пəтер тапсыру жоспарлануда. Осылайша кейін жыл сайын кемінде 10 мың пəтер пайдалануға берілмек.  Жалға берілетін жəне кредиттік тұрғын үйлер халықтың əлеуметтік осал топтарына жəне əлеуметтік қызметкерлерге берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары