284
Премьер-министр әкімдіктерде азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру ережесін бекітті
Премьер-министр әкімдіктерде азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру ережесін бекітті
Асқар Мамин облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдері аппараттарында халықты жеке қабылдауды ұйымдастырудың үлгілік регламентін бекітті, деп хабарлады primeminister.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде:
1) Үлгілік регламентке сәйкес әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін әзірлесін және бекітсін;
2) әкімдер аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин