Фахри Темизюрек: Партияішілік іріктеудің әділ өтуі елдегі демократияның ілгерілеуін байқатады

Фахри Темизюрек: Партияішілік іріктеудің әділ өтуі елдегі демократияның ілгерілеуін байқатады

Фахри Темизюрек: Партияішілік іріктеудің әділ өтуі елдегі демократияның ілгерілеуін байқатады
ашық дереккөзі
209
Гази университеті білім беру факультетінің ұстазы, түрік тіл білімі докторы, профессор (Түркия):  – Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынас стратегиялық деңгейде дамып келеді. 2009 жылдың қазан айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің елге сапары кезінде жасалған Стратегиялық серіктестік туралы келісім негізінде біздің қарым-қатынасымыз жаңа өлшемге көшті. Сонымен қатар біздің ел мен Қазақстанның аймақтық және халықаралық жоспардағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Бұл мәселеде Президент Қ.Тоқаев мырзаның қосқан үлесінің маңызы зор. Әлемді қоршаған пандемия жағдайында ынтымақтастық мәдениеті де, стратегиялық мәселелер бойынша бірлескен шешім қабылдау мәдениеті де екі елде қарқынды дамып келеді. Біз бұған өте қуаныштымыз. Өткен жылы Президенттік сайлауды үлкен жетістікпен өткерген Қазақстан халқы қазір партияішілік жергілікті сайлауға дайындалуда. Қазақстандағы жариялы іріктеуді әділ өткізу де елдегі демократия жолындағы ілгерілеушілікті көрсету тұрғысынан өте маңызды. Бауырлас ел ретінде Түркиядағы жергілікті сайлау, менің ойымша Қазақстанда өтетін жергілікті сайлауға үлгі болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында олардың мақсаты – қазақ халқының жаңа бірегейлігін құру және бүкіл ұлттың сапасын арттыру деп мәлімдеді. Жаңарған және модернизацияланған ұлт қана сәттілікке жете алатынын айта отырып, Президент жастарды ғылым, еңбексүйгіштік, өз ісіндегі құзыреттілік, тәртіп, әділеттілік сияқты қасиеттерге үйрету керек деп мәлімдеді. Олардың «жауапты мемлекет, жауапты қоғам және жауапты адам» туралы түсінікті орнатуға деген ниеттерін білдірген үндеуі біздің болашаққа деген үмітімізді арттырды.

Серіктес жаңалықтары