4,3 мың адам жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударды

4,3 мың адам жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударды

4,3 мың адам жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аударды
ашық дереккөзі
257
2020 жылдың 8 айында Қазақстанның жұмыс күші көп өңірлерінен жұмыс күші тапшы өңірлеріне жалпы саны 4 386 адам қоныс аударды. Оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам немесе 1 273 отбасы бар.  Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінен 1 652 адам  тұрғылықты жері бойынша жаңадан жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы орайда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ерікті қоныс аударғандарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатынын ескерте кету керек. Атап айтқанда: - көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен бір жолғы төлем (92 мың теңге); - 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін отбасы мүшелерінің санына байланысты төленеді. Сондай-ақ қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша да шаралар қабылдануда. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 714 жеке тұрғын үй салынады, ал Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынады.  2020 жылы барлығы 5 825 адамды (1 631 отбасын) көшіру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары