347
Ерол Барын: Қазақстанның демократия орнату жолындағы жұмысы жоғары деңгейде
Ерол Барын: Қазақстанның демократия орнату жолындағы жұмысы жоғары деңгейде
Ерол Барын, жазушы, түрік тіл білімі докторы (Түркия):
– Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс күн өткен сайын нығайып келеді. Екі бауырлас ел арасындағы тарихи қатынастар да жыл өткен сайын тереңдеп келеді. Мемлекет басшыларының да бірігіп жұмыс істеуді басты назарда ұстайтыны қуантады. Пандемия уақытында Түркия медициналық жабдықтар мен науқастарды емдеу жолдарын Қазақстанмен бөлісті. Мұндай бірлескен жұмыстар халықаралық аренада да жалғасып жатыр.
Алдағы уақытта Қазақстанда өтетін жергілікті сайлауда да Түркия өз тәжірибелерімен бөліспек. Қазақстанда праймериздің екінші кезеңі басталды. Демократия жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірге күшейеді. Қазақстанның демократияны орнату үшін жасаған жұмысы өте жоғары деңгейде. Демократияның негізі болып табылатын сайлау және сайлану құқығы маңызды. Қазақстандағы демократиялық тәсілмен өткізілетін жергілікті сайлаулар Түркияда өткен сайлаулар секілді тамырын тереңге жаюға көмектеседі деп сенемін.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты өте жоғары деңгейде деп бағалаймын. Мәселен, Қ.Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында билікке жастарды көбірек тарту жайлы сөз қозғады. Тоқаев мырзаның бұл ұсынысы жастар мәселесінің уақытында шешілуіне, сонымен қатар елді динамикалық басқаруға оң ықпал жасайды. Осылайша, жас ұрпақ арасында елді және Отанды басқару туралы түсінік кеңінен таралады.