Екінші толқын «елесі»

Екінші толқын «елесі»

Екінші толқын «елесі»
ашық дереккөзі
324
Ғалымдардың вирус туралы болжамы көңіл көншітпейді, ал коронавирусқа қарсы вакцина әлі табылған жоқ. Әлемнің дамыған елдері де вирустың бірінші толқынынан үлкен шығынмен шықты. Пандемия біздің еліміздің де экономикасына әсер етті, ал денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері су бетіне қалқып шықты. Осыны есепке алған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайын болу қажеттігін және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керегін қадап айтқан болатын. Коронавирустың бірінші кезеңінің ша­рықтау шегі халықты біраз әбірге сал­ды. Науқастардың ауруханаға сыймай дә­лізде жатқаны, жасанды тыныс алдыру ап­параттары мен дәрі-дәрмектің жетіспеуші­лігі созылмалы ауруы бар егде жастағы адам­дар арасындағы өлім жиілігі мен науқастар са­нының өсуіне алып келді. Коронавирус жұқ­тырған медицина қызметкерлерінің са­ны көбейді. Ауруханаға сыймаған науқастар үй жағдайында емделгендіктен, бір отбасында жаппай бірнеше адам ауырған жағдай да көбейе түсті. Елімізде Италия сценарийі қай­таланып, жұрт қалай емделудің жолын біл­мей дағдарып, тіпті халықтық емдеу тә­сілдерін қолдана бастады. Қарапайым қор­ға­ныш құралдары мен парацетамол таппай қи­налған елдің у-шуы біразға дейін басылма­ды. Вирус жұқтырғандар дертіне шипа таппай абдырағанда дәрі-дәрмек толған қойма тү­сірілген видео кең тарап, халықтың ашу-ыза­сын туғызды. Коронавирусқа қарсы кү­рес­те туындаған қиындықтарға байланысты тер­геу жүргізіліп, Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры мен «СҚ-Фармация» бас­шыла­ры қызметтен босатылғаны есімізде. Денсаулық сақтау саласындағы осындай жүйесіздік пен олқылық елімізде пан­демиямен күрес шараларының тиімсіз жүргізілгенін көрсетті. Нәтижесінде Елжан Бір­танов Денсаулық сақтау министрі қыз­ме­тінен босатылып, бұл қызметке Алексей Цой тағайындалды. Елімізде індет таралып, карантин жағдайы енгізілгелі бергі алты ай ішін­де министрдің жаңадан тағайындалып, мемлекеттік бас сани­тардың үш рет ауысуы денсаулық сақтау жүйе­сіне түбегейлі реформа енгізілуі керегін дә­лелдей түскендей. 2019 жылдың маусым айында Қазақ­стан­ның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып та­ғайындалып, көктемде коронавирустың келгеніне «сүйінші сұраған» Жандарбек Бекшин елі­мізде төтенше жағдай жариялана сала қыз­ме­тінен босатылды. Бекшиннің орнына та­ғайындалған Айжан Есмағамбетова да қыз­метінде ұзақ тұрақтамады, бас санитар қыз­метін бар-жоғы алты ай атқарды. Пан­демия­ның бірінші толқыны еңсерілгеннен кейін Айжан Есмағамбетова да қызметінен бо­с­атылып, жақында мемлекеттік бас санитар дәрігер қызметіне Ерлан Қиясов тағайын­далды.  width= Денсаулық сақтау саласындағы осындай жағдайлар «Қазақстанда коро­навирустың екінші толқыны қашан болады?», «Бі­рінші толқын кезіндегі қателіктер қайта­лан­бай ма?», «Денсаулық сақтау саласы жаңа толқынмен күресуге қауқарлы ма?» деген заңды сауалдарды туындатады. Бұл орайда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: – «Шамамен қараша мен желтоқсан айлары кезеңінде өсім болуы мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқынның орын алуы мүмкін­дігімен, өткір респираторлық вирустық инфек­циялардың және тұмаудың өршуімен байланысты», – деп болжам айтты. Екінші толқынға қатысты пікірімен бөліскен министр бүгінде елімізде 4,8 мың науқас ауруханаларда коронавирус пен пневмониядан емделіп жатқанын мәлімдеді. Қазір елімізде індеттің таралуы тұрақ­тап, науқастар саны азайды. Коро­навирустың бірінші толқыны кезінде бір тәулікте орта есеппен шамамен 1,5 мың адам індет жұқтырған болса, бүгінде бұл көрсеткіш ондаған есе төмендеген. Бірақ бұл арқаны кеңге салуға болады деген сөз емес. Вирустың жаңа толқыны басталса, халық қайтадан үй жағ­дайында емделіп, бұл науқастар санының күрт артуына алып келмей ме деген күмәнді ой санада еріксіз қылаң береді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы жыл­дың соңына дейін еліміздің 11 облыс орталығында 2,5 мың төсек-орынға арналған 12 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, пайдалануға беріледі. Бүгінде еліміздегі медициналық мекемелер бір мезетте 70 мың төсек-орын дайындауға қауқарлы. Оның ішінде 3 мыңға жуық жан сақтау бөлімі бар. 19 066 инфекциялық төсек-орынның бүгінде 15 пайызында науқастар ем алып жа­тыр. Бірақ бір күнде аяқ астынан 30-35 мың адам ауырып қалса, карантин шектеулері енгізіледі. Министр коронавирустың жаңа тол­қынына өткір респираторлық ви­рус­тық инфекциялардың және тұмаудың өр­­шуі әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Атал­ған вирустарға коронавирус қосылса, жағдай тіпті ушыға түседі. Осы ретте тұмауға қарсы ек­пе биыл екі апта бұрын басталды. Бұл ба­ғыт­та тұмауға қарсы 2 миллионнан астам доза сатып алынған, бұл халықтың 11 пайызын екпемен қамтамасыз етуге жеткілікті. Пандемия жағдайы медицина саласында кадр жетіспеушілігін, әсіресе эпи­демиолог мамандардың аздығын көр­сетті. Вирустың жаңа толқынына дайындық жайын пысықтаған Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов медицина кадрларын қайта даярлау квотасы бойынша осы жылдың 1 тамызынан бастап 45 эпидемиологпен толыққанын және 1 қарашаға дейін тағы да 205 эпидемиолог пен 165 жедел медициналық жәрдем дәрігерімен толығатынын жеткізді. Коронавирустың бірінші толқыны ке­зінде елімізде инфекцияны емдеуге ар­налған дәрі-дәрмектер тапшылығы қатты сезілді. Жаппай ауырудан қорыққан халық ау­ру­ханада сағаттап кезекте тұрып, дәрігер­дің нұсқаулығынсыз антибиотиктерді көп­теп сатып алды. Ал дертінен дауа іздеген нау­­қасқа дәрі жетпей жатты. Дәрі-дәрмек тап­шылығы сезілмей ме деген сауалға ресми өкіл жаңа толқынға жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынғанын жеткіз­ді. Халық арасында сұранысқа ие 44 түрлі дәрі-дәрмек тізімі жасалған. Аймақтағы ағайын да дәрі-дәрмектен қағылмайды, со­ны­мен қатар ауылдық жерлердегі алғашқы ме­дициналық көмек көрсететін мекемелер-дің жағ­дайы бақылауда деп сендірді ресми өкіл. Бағдат Қожахметовтің айтуынша, ви­рус­тың екінші толқынына дайындық 100 пайызға жақын. Инфекциялық төсек-орын­дар, мобильді бригадалар, ауруханалар, ем­ханалар, дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілген. Лайым, вирустың екінші толқыны бол­май-ақ қойсын деп тілейміз. Өткен­нен алған тәжірибеміз сабақ болуы тиіс. Қауіп-қатерге деген дайындығымыз өзімізден бас­талатынын да ұмытпағанымыз жөн-ау.

Серіктес жаңалықтары