50338
Праймериз саяси тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді
Праймериз саяси тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді
Жанар Куйшинова, «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
«Nur Otan» партиясы үшін ауқымды саяси іс-шара – праймериз өз мәресіне таяп қалды. Бұл ұйымдастырушылар мен қатысушыларға саяси тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Аталған додада Қостанай облысының жұртшылығы аса белсенділік танытты. Анығырақ айтсақ, 800-ге жуық кандидат арасында пікірталас өткізіліп, облыс тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрғындар тарапынан 900-ден астам ұсыныс келіп түсті, мұның барлығы кейінірек сайлауалды бағдарламаға енетін болады.
Қазіргі таңда сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Партия мүшелерінің түгелі дерлік дауыс беруге белсенді қатысты. Праймериз секілді ірі саяси іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылғанына қарамастан, Қостанай облысында бұған жауапты мамандар барынша белсенділік танытып, мұның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Жалпы партия мүшелерінің праймериздің әрбір кезеңіне асқан жауапкершілікпен қарап, теңдессіз тәжірибе жинағанын тағы бір мәрте атап айтқым келеді.