206
Елордада төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады
Елордада төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады
Нұр-Сұлтанда төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр”, – деді Нұрділдә Ораз.
Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.