«Сарыкөбелек сағыныш» атты халықаралық мұшайра жарияланды

«Сарыкөбелек сағыныш» атты халықаралық мұшайра жарияланды

«Сарыкөбелек сағыныш» атты халықаралық мұшайра жарияланды
ашық дереккөзі
847
Ұлт руханиятына жанашыр кәсіпкерлердің қолдауымен, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы, «Отандастар Қоры» КЕАҚ және «Alash-CUP» қайырымдылық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздік мерекесі аясында қазақ поэзиясына бұрылыс жасаған құбылыс ақын, сағыныштың сиволына айналған шайыр-жырау, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына арналған «Сарыкөбелек сағыныш» атты Халықаралық жазба ақындар мұшайрасы жарияланды. Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деп атап өткеніндей туған жерге сағыныш ет жүректі пенденің жүрек түкпіріндегі лүпілі. Ал, оның ақындар санасын бұлқындырып, жыр болып өрілмеуі мүмкін емес. Сол тұрғыдан қарағанда шетелден келген, туған жері жаттың меншігінде қалған қазақ ақындарының жан сезімі айтпаса да түсінікті. Туған жерін жарты ғасыр жырлаған Жәркен ақынның «жауыр болған» сағыныш дерті жыр құмар талай жастың жүрегін шымшылаған ғажайып сезімге ұласқаны анық. Жас ұрпақтың санасына Жәркен Бөдешұлының шығармашылғын насихаттау, жастар шығармашылығын қолдау көрсету бұл шараның басты мақсаты болып табылады. Мұшайраның шарты: Қырық жасқа дейінгі ақындар екі өлеңімен қатыса алады. Бірінші өлеңі – ақын Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына, ақындық болымысына, тұлғалық келбетіне арналуы міндетті. Екінші өлең – сағыныш, туған жер тақырыбында. Шығармалар бірінші желтоқсанға (01.12.2020ж) дейін t.talapbek@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданып, қазылар алқысының шешімімен Тәуелсіздік күні қарсаңында (нақты өтетін уақыты қосымша хабарланады) қортынды шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі. Ұйымдастыруға жауапты, жоба авторы: Талапбек Тынысбек байланыс телефоны: 8 (7172) 235947 8701 47 18 357

Серіктес жаңалықтары