Қандасымыз Есей Нығметұлына «Еңбек Ері» атағы берілді

Қандасымыз Есей Нығметұлына «Еңбек Ері» атағы берілді

Қандасымыз Есей Нығметұлына «Еңбек Ері» атағы берілді
ашық дереккөзі
229
Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулғаның Жарлығымен жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және хирургиялық жаңа тәсілдерді енгізу ісінде көп жыл бойы абыройлы қызмет атқарған Баян-Өлгий аймағының Біріккен ауруханасының аға дәрігері қандасымыз Есей Нығметұлына Моңғолияның «Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Моңғолияның Парламент дептутаты, белгілі хирург Бейсен Бұлан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Баян-Өлгей аймағынан «Еңбек Ері» шықты.  Моңғолияның еңбек сіңірген дәрігері, клиникалық профессор Есей Нығыметұлы Сухэбаатар атындағы «Еңбек Ері» атағына ие болып отыр. Ол саналы ғұмырының көп бөлігін өз халқының денсаулығына арнаған және осы уақытқа дейін жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеп келе жатқан білікті әріптесімді құттықтай отырып, оған зор денсаулық және барлық жақсылықтарды тілеймін», – деген.

Серіктес жаңалықтары