50407
Берген уәдеге берік болу қажет – Айдар Рахымжанұлы
Берген уәдеге берік болу қажет – Айдар Рахымжанұлы
Айдар Рахымжанұлы, «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы облысы Іле ауданы филиалының жетекшісі:
– «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған партияішілік сайлау барысында бағдарламамды қолдап, маған сенім білдірген әр дауыс берушіге алғысым шексіз. Негізі, Іле ауданы бойынша жалпы саны 78 кандидат өз сайлауалды бағдарламасын жариялап, бір ай бойы үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Соның ішінен суырылып шығып, келесі кезеңге сүрінбей өткеніме қуаныштымын. Өзіме үлкен жауапкершілік артылғанын сеземін және мені қолдап, қоштаған партияластарымның сенімін ақтауға тырысамын.
Бағдарламамда айтып кеткендей, алдағы уақытта ден қоятын бағыттарымның бірі – еріктілікті насихаттау. Биыл ауданымызда «Іле жүрегі» еріктілер клубы құрылған болатын. Қазіргі таңда пандемия салдарынан туындаған қиын-қыстау кезеңде бұл клуб мүшелері жергілікті жұртшылыққа көмек көрсетіп, қолдау білдіруде. Бүгінде еріктілермен бірге 8 бағыт бойынша 8 волонтерлік жобаны жүзеге асырудамыз. Әр жоба бойынша туындаған мәселердің шешімін тауып, мұның нәтижелі әрі тиімді болуын қадағалап жүрміз. Жастардың бойынан мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді арттыруға арналған жобаларды жүзеге асыру – басты міндетімнің бірі. Айтылған сөзімнің желге ұшпауы үшін қолымнан келгеннің барлығын істеймін! Берген уәдеге берік болу қажет!