COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты
ашық дереккөзі
339
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 36 миллионнан асып жығылды. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды. Университеттің соңғы дерегі бойынша пандемия басталғалы дүниежүзінде 36 164 596 адам індетке шалдыққан. Ал коронавирус құрбандарының саны 1 055 815-ке жетті. Індет жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрған АҚШ-та қатерлі вирусты жұқтырғандар саны 7,5 миллионнан, ал індеттен көз жұмғандар саны 211 мыңнан асып жығылды. 6,8 миллионнан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған Үндістан әлем бойынша екінші орында тұрса, пандемия басталғалы 5 миллионнан астам тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия үшінші орында. Індет құрбандарының саны жөнінен де АҚШ-тан кейін осы екі ел алда. Айта кетейік, Қазақстанда 108 454 адам коронавирус жұқтырды. Індеттен 1746 отандасымыз көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары