Праймериз – саяси өміріміздегі елеулі оқиға

Праймериз – саяси өміріміздегі елеулі оқиға

Праймериз – саяси өміріміздегі елеулі оқиға
ашық дереккөзі
50241
Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер институтының директоры: – Рахым Сәкенұлы, «Nur Otan» партияішілік сайлауының онлайн форматтағы дауыс беру кезеңі аяқталды. Партияның праймеризді іске асырудағы алғашқы тәжірибесіне қандай баға бересіз? – Праймериз еліміздің саяси жүйесіне енгізілген елеулі жаңалық, бұрын-соңды болып көрмеген теңдесі жоқ оқиға. Білуімше, бұл партияішілік сайлауға 10 мыңнан астам партия мүшесі өз кандидатурасын ұсынды. Айта кетерлік жайт, сайлау барысында бірінші рет сайттар, мобильді қосымшалар секілді заманауи құралдар қолданылды. Онлайн форматта өткен дауыс беру кезеңінің нәтижесін тексергенде дода барысында көптеген фавориттің үздік жиырмалыққа ене алмай, орта жолда қалып қалғанын байқадым. Бұл нені біліреді? Бұл – қатысып жатқандардың түгелі дерлік «сен тұр, мен атайын» деген тұлғалар екенін айғақтайды. Шынымен де көптеген кандидаттың бәсекелестікке қабілетті екенін байқадым. Десек те, келесі кезеңге сүрінбей өткен кандидаттардың басым бөлігі үлкен ұжымды басқарып отырған басшылар екені белгілі, ал олардың партияға мүше қызметкерлерінің есебінен көп дауыс жинайтыны айтпаса да түсінікті. Ал былайынша ел тарихында тұңғыш рет өткізілген праймериздің бізге берері көп деп білемін. Жалпылама айтсақ, еліміздің түпкір-түпкірінде үлкен дәрежеде саясиландыру процесі өтті. Кандидаттар өзара пікір таластыру, бәсекеге түсу мүмкіндігін иеленсе, ал оған дауыс беруші партия мүшелері көптің ішінен бірін таңдап, олардың қоғамдық өміріне үлкен ықпалын тигізді. Негізі, жетекші партияның басты мақсаты – заң шығаруға қабілетті, бәсі биік ортада өз сөзін өткізе алатын кандиттардың оңтайлы тізімін жасақтау. Осы мақсатта партия тарапынан жоғары деңгейде жұмыс істелініп жатыр деп айта аламын. – Келесі кезеңге өткен кандидаттардың тым болмағанда бірінің сайлауалды бағдарламасын қарай алдыңыз ба? – Иә, бірнеше кандидатттың бағдарламасын арнайы қарадым. Дегенмен, мұның басым көпшілігіне алда өтеттін сайлауда үлкен өзгеріс енгізілетіні белгілі. Сол кезде олардың бір ай бойы насихаттаған бағдарламаларындағы уәде еткен мәлімдемелердің қайсысы алынып, қайсысы қалғанын білетін боламыз. Жалпы, өз басым саяси жүйенің аралас түрде іске асырылғанын қолдаушылардың бірімін. Қазіргі таңда елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына тек партиялық тізімдер арқылы таңдалады. Меніңше, партияға іліге алмаған көп адамға да өз бетімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беру қажет. Алдағы уақытта сайлаудан кейін Үкімет отырысында осы мәселе талқыға салынып, елдегі саяси жүйеге өзгеріс енгізеді деп сенемін.

Серіктес жаңалықтары