COVID-19: Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетілді

COVID-19: Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетілді

COVID-19: Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетілді
ашық дереккөзі
362
Оңтүстік Корея коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетті, деп хабарлайды ТАСС. Елде індет жұқтырғандар саны азайғандықтан Оңтүстік Корея билігі карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Елде караоке-барлар, спорт залдары, буфет түріндегі мейрамханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сондай-ақ, мектептердегі сабақтарға шектеулер алынып тасталады. Келушілер орындардың 30%-інен аспайтын бөлігін толтырған жағдайда спорттық іс-шараларға және шіркеу қызметтеріне қайта кіруге рұқсат етіледі. Пандемия басталғалы Оңтүстік Кореяда 24 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 433 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары