Ресейліктер коронавирус жұқтырған тірі адамды көмді

Ресейліктер коронавирус жұқтырған тірі адамды көмді

Ресейліктер коронавирус жұқтырған тірі адамды көмді
ашық дереккөзі
392
Ресейдің Кемеров облысындағы Шабаново ауылының тұрғындары коронавирустан көз жұмған туыстарын жерлеген. Кейінірек оларға «марқұмның» тірі екені хабарланған. Бұл туралы Кузбасс денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежнева мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. 10 қазанда «Вести Кузбасс» телеарнасында көзі тірі зейнеткерді жерлеу рәсімін ұйымдастырған ауыл тұрғындары жайлы сюжет көрсетілген. Сюжетке сүйенсек, қарияның өлімі жайлы жақындарына дәрігерлер естірткен. Науқастан коронавирус анықталғандықтан, табыт ашылмай, «марқұм» бірден жер қойнына тапсырылған. Бірнеше күннен кейін зейнеткердің туыстарына қарттар үйінің директоры хабарласып, оның тірі және дені сау екенін жеткізген. Белгілі болғандай, қарттар үйінен коронавирус жұқтырған екі азамат ауруханаға түскен. Олардың бірі емделіп шыққан, ал екіншісі көз жұмған. Дәрігерлер олардың төлқұжатын шатастырып алғаны белгілі болды. Кузбасс денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежневаның айтуынша, ведомство болған оқиға бойынша екі қызметтік тексеріс жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары