Youtube-та Қазақстанның тәуелсіздік тарихына арналған арна ашылды

Youtube-та Қазақстанның тәуелсіздік тарихына арналған арна ашылды

Youtube-та Қазақстанның тәуелсіздік тарихына арналған арна ашылды
ашық дереккөзі
211
«Астана» телеарнасы Youtube-та «Тәуелсіздік дәуірі» атты арна ашты. Бұл туралы  телеарнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали хабарлады. Арнаға жүктелетін түрлі жанрдағы контент – әр саланың тұтқасын ұстап, тәуелсіз елді нығайту жолында маңдай терін төккен қайраткерлердің естелік оқиғаларынан құралады. Кейіпкерлердің ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевпен алғаш  кездесулері мен қызмет барысында болған көпке беймәлім қызықты сәттер, терең талдау, ауқымды сараптамалық бағыттағы елдік маңызы зор оқиғалар сұхбат барысында жан-жақты айтылады. Жоба Қазақстанның егемен ел болып қалыптасу тарихына арналмақ.  

Серіктес жаңалықтары