COVID-19: Маңғыстау облысында 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

COVID-19: Маңғыстау облысында 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

COVID-19: Маңғыстау облысында 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөзі
235
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 57 адам ем қабылдауда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.  57 науқастың 49-ы ауруханаға коронавирустық пневмония, 8-і COVID-19 диагнозымен жатқызылған. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан 5 науқастың 3-еуінің жағдайын  ауыр, ал 2 адамның халін өте ауыр деп бағалап отыр. Олардың жағдайы тыныс алудың жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардан өршіген. Пандемия басталғалы өңірде 3362 адамнан індет анықталған.  2954 науқас емделіп шықты. Дерті асқынған 43 адам қайтыс болды. Ал республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны бүгінде 108 831-ге жетіп отыр. Індеттен 1746 отандасымыз көз жұмды. Еске сала кетейік, ертеңнен бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірдегі спорт нысандары, фитнес орталықтар мен жаттығу залдарының жұмысы  тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.  

Серіктес жаңалықтары