359
Зарема Шәукенова: Ескі құндылықтарға жаңаша көзқараспен қарайтын кезең келді
Зарема Шәукенова: Ескі құндылықтарға жаңаша көзқараспен қарайтын кезең келді
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласының жариялануы балалық шақтан қалыпты саналатын сабақтарды қайта қарастыру және ескі құндылықтарға жаңаша көзқараспен қарайтын кезең келгені туралы ойға жетелейді. Бала кезден бастап Ұлы Абай тұлғасы Алматыдағы Көк-Төбенің етегіндегі өз атындағы даңғылға сабырлы көз тастап тұрған монументалды ескерткішімен, сондай-ақ қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің атақты «Абай жолы» романымен байланысты болды.
Енді міне ғасырлар мен екі дәуірдің тоғысында өмір сүрген Адамға тағы бір рет назар аударатын кез келді. Біз бұл мүмкіндікті Елбасының мақаласы, Мәңгілік туралы ойлау мүмкіндігінің арқасында алып отырмыз. Өйткені, Абай бұл ұғымды өзінің жеке басымен байланыстырады. Біз бұл адам туралы мектеп бағдарламасының стандартты білімінен басқа не білеміз. Ол өлең жазды, сүйді, уайымдады.
Егер біз Абайды қоршаған әлемге оның көзімен қарауға тырыссақ, не көреміз? Абай өтпелі, өзгермелі дәуірде өмір сүрді және оны жан-тәнімен сезіне отырып, өз халқының тағдырына алаңдады. Біз де осыдан отыз жыл бұрын бетбұрыс кезеңіне қадам бастық. Қазақ ұлтының қалыптасуы жайлы қайғы мен уайымға толы «Қара сөздері» тек оның замандастарына ғана емес, сонымен бірге бізге – оның рухани және қандас мұрагерлеріне арналған.
Абай бір кездері өр тұлғалы батырлардың көшпенді халқы нарық пен капитализмнің әсерінен алыпсатарлар мен саудагерлерге айналып, өзінің кедей бауырластарын аяусыз қанап жатқанын көріп, өз замандастарына сөз арнады. Бұл кейінірек кеңестік тарих ғылымында «байлар» – өздерін ұлттың мақтанышы, оның қаймағы, ең бастамашыл, сондықтан жаңа таптың табысты өкілдері ретінде көрсетіп, баю үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланған алыпсатарлар мен алаяқтар қауымдастығы деп аталды. Бұл туралы Абай қазақтың дәстүрлі өмір салтының жоғалған табиғи құндылықтары туралы қайғыра отырып, ақыл-тәрбиенің ащы сөздерін айтады.
Бұл күйді Елбасы өте жақсы сезіне отырып, өз мақаласын мынадай ой-тұжырыммен бастаған: «Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді». Автор «Абай Құнанбайұлы тұлғасы да сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір. Ол өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзіп, «өз қолынан өз ырқы кеткен» алды бұлыңғыр уақытқа тап болды», – деп баса айтады. Осылайша баһадүр аламандықтың беті қайтып, заманауи білімге бет бұратын кез туып келе жатты.
Абай дәуірі туралы айта отырып, Елбасы қазақтарда жүзбе-жүз сөйлесетін, пікір алмасып, назы пен жан дүниесін бөлісетіндей билеуші болмағанын атап өтті. Бұған патша самодержавиесінің реформалары нәтижесінде дәстүрлі қазақ қоғамына тән хандық басқару жүйесінің толық жойылуы себеп болды. Дала тұрғындарын билік институттарынан одан әрі алшақтату процесі барысында қазақ қызметтік мансабында болыстық, ауылнайлық немесе ресми кеңседегі тілмаштық қызметінен жоғары көтеріле алмауына алып келді. Абайдың өлеңдерінде оның туған өлкенің тағдырына деген терең қамқорлығы көрініс тапты.
Елбасы айтпақшы, Абай «халықтың дəстүрлі сөз өнерін, таным жүйесін, мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер».
Жаңа тәуелсіз мемлекет құру миссиясы Тұңғыш Президентіміздің үлесіне тиген кезде, ол дана Абайдың өсиеттеріне жүгініп, оларды жаңа түйсіну арқылы ел болашағының бейнесін өзінің санасында қалыптастырды.
Елбасы бұл ретте өте орынды сұрақ қояды: Абай туған жерінің кейінгі тағдырын тани алды ма, болжады ма? Автор осы күндері КСРО-ның бұрынғы көптеген бауырлас республикаларында, тіпті қазақ еліне көршілес елдерде қақтығыстар мен жанжалдар орын алған кезеңде, жер бетінен тұтас халықтар мен мемлекеттер жойылып жатқанда Абайдың «алты бақан алауыздықтан» деген ескертпе сөздерін еске түсіреді.
Осы уақытқа дейін Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Тұңғыш Президенттің идеялары өз өзектілігін жойған жоқ, өйткені Елбасы айтпақшы: «Кеңес Одағы ыдырауының барысында жəне тəуелсіздігіміздің елең-алаңында өз ішімізде неше түрлі іріткі салғыш, ірге бөлгіш пиғылдар оянып, сын сағаты туған кезде ел тізгінін ұстай отырып, тарихи тұрғыдан қалыптасқан көпэтностылық пен көпконфессиялық жағдайын бірінші кезекте ескеру қажеттігін аңғардым. Бір жағынан сепаратистік əрекеттер бой көтергені байқалса, екінші жағынан ұлтшылдық дабыл қаққан аласапыран кезеңдерді бастан өткеруге тура келді. Сондай күрделі ахуалда түсіністіктен татулыққа, ымырадан ынтымаққа қол жеткізу арқылы ғана тұтастығымызды сақтадық».
Міне, бұл жерде де ол ұлы Абайға арқа сүйеді. Н.Назарбаев жазғандай – «Ол қазақтың кең қолтық, ақ жүрек мейірбандығының жəне Алтай мен Атырау арасын сол қазақпен араласа жайлаған өзге ұлттардың Абай өнеге етіп қалдырған бауырластығының арқасында жүзеге асты». Ал ХІХ ғасырда Абай ұлт бірлігін оның адамзаттың қазіргі даму жолына түсудің шарты ретінде анықтады: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі бос». Бұл кемеңгер тұлғаның көрегендігінің белгісі еді», – деп жазды Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасы Абай оған өзінің мұрагерін таңдауға да көмектескенін тілге тиек етеді, ол туралы мақалада Н.Назарбаев былай дейді: «Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал əрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, Шығыстың да, Батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, əлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ өзім айрықша мəн беріп келе жатқан ел бірлігі мəселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым».
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерей тойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тəуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық жəне мəдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдады. Абайдың ойы мен сөзін күллі əлемдік ауқымда мойындату мəселесін Кеңестер Одағы əлі тарамай тұрып, 1990 жылы халықаралық деңгейде көтерген едік. Бірақ ол кезде бізге құлақ аспады. Əрине, алдымыздан шыққан басты кедергі Қазақстанның дербес мемлекет еместігі еді. Сондықтан асқақ тілегіміз егемендік алғаннан соң ғана қабыл болды.
Тұңғыш Президенттің Абайдың мерейтойы туралы «Абай мерекесі даңғойлықты көтермейді, ұлы адамды еске алу құрметіне, турасын айтқанда, атаулы күндерді атап өтуде бізде үйреншікті əдетке айналып кеткен шектен тыс ас та төк той жасаудың қажеті жоқ. Парасаттылық, ақылға қонымдылық, ең бастысы, зиялылық пен ұстамдылық қажет. Мерейтой даңғазалықтан аулақ, жоғары мəдениеттілік аясында өтуге тиіс. Абайдың өзі бізді осыған үндеп кеткен жəне оның өсиетіне кереғарлық етуімізге болмайды» деген ой-түйінімен кез-келген адам келіседі деп ойлаймыз.
Мақала авторы және заманауи қазақстандық мемлекеттіктің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өзінің мақаласы арқылы Абайдың ұмытылмас бейнесіне құрмет көрсетіп қана қоймай, ол бізге – бүкіл қазақстандықтарға руханияттың ұлы иесі тұлғасының барлық қыры мен бай мұрасын ашып отыр.