Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді

Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді

Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді
ашық дереккөзі
345
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Отандастар қоры» мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени ор­талығының бірлесіп ұйымдастыруымен Өз­бек­­станда қазақтардың кіші құрылтайы өтеді. Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға бай­ланысты шара биыл 21 қазан күні онлайн түрде өтеді деп жоспарлануда. «Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дү­ниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп ке­ле­ді. Соңғы жылдары Ресей, Еуропа қазақ­тары­ның кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақ­тардың кіші құрылтайын онлайн режимінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Кездесудің басты мақсаты – бауырлас Қазақстан – Өзбекстан ара­сындағы достық қарым-қатынас, мәдени-ру­хани байланыстарын нығайту. Өзбекстан­да­ғы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени бай­ланысты кеңейту, олардың түйткілді мәсе­ле­лерін шешу жолдарын қарастыру», – дейді ДҚҚ Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков. Бұл құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сыр­дария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени ор­та­лықтарының басшылары мен өкілдері, қо­ғам, өнер қайраткерлері қатысады.

Серіктес жаңалықтары