315
Коронавирус қай дәруменнің тапшылығынан асқынатыны белгілі болды
Коронавирус қай дәруменнің тапшылығынан асқынатыны белгілі болды
Коронавирус жұқтырған науқастардың 71 пайызында D витаминінің жетіспеуішілігі анықталған. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық-зерттеу орталығының бас директоры, академик Евгений Шляхто өз баяндамасында осындай дерек келтірді.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудің клиникалық аспектілері» атты баяндамаға сүйенсек, D витаминінің жетіспеушілігі COVID-19 індетімен ауырғандардың 71,3 пайызында байқалған. 36,9 пайызда аталған дәруменнің асқынған жетіспеушілігі анықталған.
Дәрігердің айтуынша, D дәруменінің жетіспеушілігі – коронавирустың асқынуына әкеліп соғатын негізгі факторлардың бірі.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған еді.
Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған.
Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі.