COVID-19: Лондонда бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынды

COVID-19: Лондонда бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынды

COVID-19: Лондонда бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынды
ашық дереккөзі
407
Коронавирустың өршуіне байланысты Ұлыбритания билігі Лондонда карантиндік шектеулерді күшейтті. Бүгіннен бастап ел астанасында шектеудің екінші деңгейі енгізілді. Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады. Ал көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Билік халықты қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, алыс сапарға аттанудан мүмкіндігінше бас тартуға үндеді. Джонс  Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 640 мыңнан асқан. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 38,8 миллионнан асып жығылды. Індеттен 1 097 278 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары