386
Алматыда қай мамандар тапшы екені анықталды
Алматыда қай мамандар тапшы екені анықталды
Алматы қаласын дамыту орталығы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып Алматы қаласы тұрғындарының жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесі биылғы жылдың 3 тоқсанында ең тапшы мамандықтар - күзетші (702 бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкер (629 бос жұмыс орны) мен дәнекерлеуші (567 бос жұмыс орны) екенін көрсетті. Тым артық мамандықтар қатарында жалпы хирург дәрігер (64 түйіндеме), терапевт дәрігер (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме) бар.
Жалпы аталған кезеңде www.enbek.kz электрондық еңбек биржасының білікті еңбек бөлімінде Алматы бойынша 19,3 мың бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін 5 мың бос жұмыс орны, кәсіби мамандар үшін 4,3 мың бос жұмыс орны, әкімшілендіру саласындағы қызметшілер үшін 3,2 мың бос жұмыс орны.
2020 жылдың 9 айы ішінде барлығы 56,2 мың жұмыс орны, оның ішінде ШОБ субъектілері (24,3 мың), «Еңбек» бағдарламасы (17,7 мың) мен Жұмыспен қамтудың жол картасы (9,2 мың) аясында құрылды.