Бүгін – Қазақстанда нан күні

Бүгін – Қазақстанда нан күні

Бүгін – Қазақстанда нан күні
ашық дереккөзі
840
2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан – Нан күні болып белгіленді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін Нан экспорттың негізгі бөлігі.

Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.

2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін және т. б. таныса алады.

 

Серіктес жаңалықтары