577
Айсана Кахарман: Қандастар еліміздің саяси аренасына белсенді атсалысуда
Айсана Кахарман: Қандастар еліміздің саяси аренасына белсенді атсалысуда
Айсана Кахарман, саясаттанушы:
– Қазақстан 1991 жылы Кеңес Одағының темір қоршауынан шыққан уақыттан бері елде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері – орыстар, украиндер, немістер, поляктар, шешендер, белорустар, татарлар, еврейлер, ингуштар, гректер және т.б. көше бастады. Ал өзге елдерден – Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Түркіменстан, Түркия және т.б. мемлекеттерден өзінің тарихи отаны Қазақстан деп санайтындар көшті.
1991 жылғы 8 қарашада Қазақстанда тәуелсіздік алғанға дейін бір ай бұрын "ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген байырғы ұлт өкілдерін Қазақ КСР-не басқа республикалардан және шет елдерден көшіру тәртібі мен шарттары туралы" Үкімет қаулысы шықты. Ал 1992 жылғы маусымда "көшіп келу туралы" заң қабылданды, онда этникалық қазақтарға "тарихи отанына" оралу құқығы берілді".
1992 жылғы маусымда "Көшіп келу туралы" заңы қабылданды, онда этникалық қазақтарға "тарихи отанына" оралу құқығы берілді". Бұл қазақ елінің кеңдігі мен ашықтығының көрсеткіші.
Қазақтардың ең алғашқы дүниежүзілік құрылтайы 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматы қаласында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Құшағымыз бауырларға айқара ашық» деген тақырыпта баяндама жасады. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шетелде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы № 204 «Халықты миграциялау туралы» Заңның - бабына сәйкес оралман дегеніміз– Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру рұқсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Елге шақыру, орналастыру, оралмандардың ел ортасына сіңісуі мемлекеттің миграциялық саясатының басты бағыты. «Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа» - деп айтқан еді Елбасы Н.Назарбаев.
Елбасы Тәуелсіздік алған жылдардан бері әлемнің түкпір-түкпірінен келген қазақтарды тарихи отанына қайтару және қазіргі Қазақстан аумағында қазақ халқын біріктіру идеясын ұсынып, жүзеге асырып келеді.
Оралған қандастардың әлеуметтік бейімделу барысындағы бейімделу деңгейі жоғары болған сайын, адамзат тарапынан берер ресурсы да аймақ үшін жоғары болады және керісінше жағымсыз жағдай, көшіп келген қоныстанушының тұрғылықты жеріне бейімделуі ауыр болуы әлеуметтік жағдайды шиеленістіре түседі.
Әлеуметтік бейімделу мәселесі, оның ішінде оралған қазақтардың әлеуметтік бейімделуі шынайы өмірдің ұсынып отырған қоғам үшін де, ғылым үшін де өзекті мәселе және тақырып. Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт мәртебесіне толыққанды иеленуі, біздіңше, мынадай басты салаларда оның орнығуымен тікелей байланысты: саяси-құқықтық салада: ел тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекеттің біртұтастығын нығайтуда, ұлттық қауіпсіздікті күшейтуде; экономикалық саланы индустриялды-инновациялық дамытуда; қазақстандықтардың кәсіби шеберлігін шыңдауда; рухани-мәдени саланы дамытып нығайтуда: ана тілін мемлекеттік тіл етіп орнықтыруда; барлық қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесін күшейтуде.
Дәл осы тұрғыларда тарихи атамекеніне оралған қазақтардың жергілікті қазақтармен, қазақстандықтармен сәйкестеніп, бейімделуі өзекті мәселе болып саналады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, тарихи отанына келген қазақтарды Оралман деп атаудан бас тартып, Қандас дегеніміз жөн болады деп ұлтымыздың ұғымына сай жарасымды терминді ұсынды. Оның ойынша, жеті әкені білетін халыққа "қандас" деген ұғым жақсы келеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, Тәуелсіздік жылдары, 1991 жылдан бастап Қазақстан басқа елдерден көшіп келген миллионнан астам этникалық қазақтарды қабылдағанын атап өтті. 1 маусымдағы жағдай бойынша республикаға 3 245 отбасы (6 361 этникалық қазақ), 631 отбасы (2 224 адам) оралмандар мен қоныс аударушылар қабылдау өңірлерінде (ШҚО, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) қоныстанған.
13 мамырда Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру жөніндегі заңында:
- «қандас» ұғымының жаңа редакциядағы мазмұны, оған сәйкес этникалық қазақ бұрын ҚР азаматтығында болмаған факт басты өлшем болып табылады;
- жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы;
- репатрианттардың тұрақты тұруға және Қазақстан азаматтығын алуға рұқсат алуға құжаттарды бір мезгілде беру құқығы болатындығын атап өтті.
Шетелден келетін бауырларымызға мемлекет тарапынан жыл сайын оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша өтемақылар мен жәрдемақылар беріледі. Сондай-ақ жайлы қоныстандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 2 қаңтардағы № 1126 қаулысы мен 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» Бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу болып табылады..
Мемлекет тарапынан оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасыға 848,9 мың теңге қаражат бөлінеді. Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қол жетімділігі қамтамасыз етілген.
Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеу тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Сондай-ақ, оралмандарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатқызылған. Еңбек жасындағы оралмандар өндірістің түрлі салаларында және ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылуда.
Қазақстан тарихи отандастарымызды шақырып, оларға қоныс аударуға және жайғастыруға көмек көрсететін әлемдегі санаулы елдердің бірі. Ресми деректер бойынша, Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға миллионнан астам этникалық қазақ келді.
Бүгінде қандастарымыз еліміздің саяси аренасында болып жатқан мәселелрге белсене атсалысуда. Жақында өткен праймеризге өз үлестерін қосып, барынша дауыс берген.
26 тамызда өткен zoom - конференциясында қандастарымыз өздерінің шынайы лебіздерін білдіріп, партияның жаңа форматта өтетін сайлауын қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай бастаулар Үкіметке халық атынан сөйлейтін жаңа депутаттар алып келеді деген үмітте. Қазақстанда алғаш рет репатрианттардың саяси белсенділігі байқалуда, бұл кандастардың партия идеялары мен оның мақсаттарына деген сенімін білдіреді.Әсіресе, Моңғолия, Қытай, Ислам елдері мен ТМД елдерінен келген репатрианттар партия қатарына белсенді түрде қосылуда.
Праймеризге қатысушылардың ішінде қандастарымыздың жеңіп шыққандары бар. Солардың бірі ТОО «Daco motors KZ» директоры Тау Нурымбек Алматы қаласының Алатау ауданында 2-орын алды. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Масимханулы Дукен 6-шы орын алды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз-хатшысы Төлеу Сырымбек Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданында жастар арасында 10-шы орынға ие болды.
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайларының бірінде: «Шетелдегі қазақтардың елге жиі келіп, туған жерімен байланыстарын нығайтып отырғаны дұрыс. Қай елде тұрсаңыздар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздің төрінде ұстаңыздар. Қазақтың тарихи отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан», – деген еді. Осы орайда, шет елдердегі және Қазақстанға келген этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру жұмыстарына атсалысуға партияның әрқашан әзір екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ол еліміз тәуелсіздік алғалы бері Елбасының бастамасымен тарихи Отанына бір миллионнан астам қазақ қайтып оралғанын, соның арқасында ұлтымыздың демографиялық жағдайы қандастарымыздың үлесі есебінен жақсарғаны туралы айтты.