Жээнбековтің экс-президентке тиесілі айрықша құқықтары сақталады

Жээнбековтің экс-президентке тиесілі айрықша құқықтары сақталады

Жээнбековтің экс-президентке тиесілі айрықша құқықтары сақталады
ашық дереккөзі
308
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбековтің экс-президентке тән барлық айрықша құқықтарын сақтайтын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ел үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.   
"Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров республиканың бұрынғы президенті С.Жээнбеков туралы жарлыққа қол қойды. "Қырғыз Республикасы президенті қызметінің кепілдігі және Қырғыз Республикасының бұрынғы президентінің мәртебесі" туралы заңға сәйкес, елдің экс-президентіне тиесілі барлық артықшылықтар сақталады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын жариялады.
"Мен билікке таласпаймын. Қырғызстан тарихында қантөгіс жасап, өз азаматтарына оқ атқан Президент ретінде қалғым келмейді. Сол себепті отставкаға кету туралы шешім қабылдадым", - деді елдің бұрынғы басшысы халыққа жолдаған үндеуінде.

Серіктес жаңалықтары