Еуропадағы қандастардың форумы өтті

Еуропадағы қандастардың форумы өтті

Еуропадағы қандастардың форумы өтті
ашық дереккөзі
231
«Отандастар қоры» Еуропада тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен «Қандастар форумы» атты онлайн кездесу өткізді. Іс-шараға спикерлер ретінде «Отандастар қорынан» Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Анас Баққожаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінен Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Кәрібай Мұхтар және «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілі Сакен Олжабаев қатысты. Онлайн кездесуге 40-қа жуық қандасымыз қатысты. Германияның Мюнхен қаласынан Өмірхан Алтын, Украинаның Киев қаласынан Батыр Ниязбеков, Испанияның Мадрид қаласынан Жанат Нурбаева, Швецияның Стокгольм қаласынан Мұрат Ермиш және басқа да бірқатар  отандастарымыз Еуропадағы қазақтардың әлемдік пандемиядан кейінгі экономикалық жағдайлары туралы баяндады. Сонымен қатар, өз қалаларындағы іскер қандастар мен кәсіпкерлерге Қазақстандағы бизнес-климат бойынша ақпаратпен бөлісіп, оларды отанымызға инвестиция құюға шақыратындығын жеткізді.  width= Zoom платформасында өткен іс-шараға Еуропада оқып жүрген қазақ студенттері де қатысты. Соның бірі, «Болашақ» бағдарламасымен Швейцарияда білім алып жүрген Әлішер Тұрсын, қандастармен қатар, шетелде оқып жүрген қазақ жастарын еліміздегі қолайлы инвестициялық жағдайды өзге елдің азаматтарына таныстыра жүруді ұсынды.  />

Өз кезегінде, Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Анас Ахатұлы Отандастар қорының Қазақстан Республикасындағы бизнесті қолдау бағытында жұмыс атқаратын барлық операторлармен байланыс орнатқанын және елімізге келіп кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін отандастарға бизнесті қолдау тетіктерін ұйымдастыру үшін дәнекер болуға дайын екендігін айтып өтті.

Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Қарлығаш Бекбатшақызы қорытындылап, 2020 жылдың 21 қазанында алғаш рет онлайн форматта өткелі отырған «Қазақтардың кіші құрылтайына» қатысуға шақырды шақырды.

</div>
<div class=  

Серіктес жаңалықтары