50264
Ресей Токиодағы Олимпиада ойындарын болдырмауды көздеген
Ресей Токиодағы Олимпиада ойындарын болдырмауды көздеген
АҚШ және Ұлыбританияның ресми өкілдері Ресейдің Басты барлау басқармасы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын болдырмауды көздегенін мәлімдеді.
Олардың мәлімдеуінше, ерекше технологиялардың негізгі орталығы саналатын Ресейдің Басты барлау басқармасына қарасты бөлімшесі Олимпиаданы 2021 жылға кейінге шегермей тұрып-ақ болдырмау үшін кибершабуыл жасамақ болған.
«Ресейдің Басты барлау басқармасының Олимпиада және Паралимпиада ойындарын болдырмауға қарсы жасамақ болған әрекеті ерсі және ақылға сыймайды. Біз оларға үзілді-кесілді қарсымыз және оларды бұл үшін кінәлаймыз», – деп мәлімдеді Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб.
«Федералды тергеу бюросы (FBI) Ресейдің қауіпті кибершабуылшы екенін бірнеше рет ескертті және бұл айыптау туралы мәлімдемедегі ақпарат Ресей елінде кибершабуыл жасау әрекетінің қаншалықты кеңінен таралғанын және зиянды екенін айғақтайды», – деді Федералды тергеу бюросы директорының орынбасары Дэвид Боудич.