50210
Швецияда Huawei және ZTE құрылғыларын қолдануға тыйым салынбақ
Швецияда Huawei және ZTE құрылғыларын қолдануға тыйым салынбақ
Швеция Корольдігі Huawei және ZTE компаниялары әзірлеп шығарған құрылғылардың ел аумағында қолданылуына тыйым салмақ.
Швеция Почта және телекоммуникация басқармасының мәлімдеуінше, мұндай шешім Швеция аумағында 5G жиілігін қолдану барысында мемлекетке ақпараттық қауіпсіздік жағынан қауіп төнгізбеу үшін жасалынып отыр. Аталған компанияның құрылғылары 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстан шығарылуы қажет.
Швеция Huawei және ZTE құрылғыларынан бас тартып отырған алғашқы мемлекет емес. Естеріңізде болса, 2019 жылы АҚШ Үкіметі аталған екі компанияны ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған үлкен қауіп деп бағалап, олар әзірлеп шығаратын өнімді сатып алуға тыйым салған болатын. Сонымен қатар 2020 жылдың маусым айында Ұлыбритания үкіметі де келер жылдан бастап Huawei құрылғыларын пайдалануға тыйым салған болатын.