322
Сайлаудың күнін белгілеу арқылы екіұшты сауалдарға жауап айтылды – Мәулен Әшімбаев
Сайлаудың күнін белгілеу арқылы екіұшты сауалдарға жауап айтылды – Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев қаңтарда өтетін сайлаудың ерекшелігіне тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйке, келесі жылы 10 қаңтарда өтеді», – деді Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.Сенат Төрағасы кезекті сайлаудың күнін белгілеу арқылы осы мәселеге қатысты екіұшты сауалдарға жауап айтылғанына да тоқталды.
«Президентіміз өз үндеуінде атап өткендей, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралар парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу мәселелеріне тікелей қатысты. Парламент бұған қажетті заңдарды қабылдады. Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді», – деді Мәулен Әшімбаев.