Мемлекет басшысы: Қандастарға жан-жақты қолдау көрсету керек

Мемлекет басшысы: Қандастарға жан-жақты қолдау көрсету керек

Мемлекет басшысы: Қандастарға жан-жақты қолдау көрсету керек
ашық дереккөзі
233
Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе де, Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Отанына оралған қандастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі біткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебесі жойылып, сонымен бірге үй алу құқығынан да бірден айырылады. Осыған орай азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл шара қандастардың осындай жұмыс қолы тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін береді», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, шетелде туып-өскен қазақтардың барлығы тарихи отанын мақтан тұтады. «Көптеген қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Серіктес жаңалықтары