Елордада жаңа көпір салынады

Елордада жаңа көпір салынады

Елордада жаңа көпір салынады
ашық дереккөзі
314
Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласының оң және сол жағалауын жалғайтын жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады. Көпірдің жалпы ұзындығы  – 910 м, ені  –36 м, шамдардың биіктігі  – 5-тен 16 метрге дейін жететін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланысты. Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендіріледі. Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған.  width= Бұл құрылыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер–жоспары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа көпір астындағы қоғамдық кеңістік құрылады. «Тәуелсіздік даңғылынан жалғасатын жаңа көпір елордамыздың тарихи өткенін бейнелейді. Көпір сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен. Көпір Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысын айтарлықтай азайтады.  

Серіктес жаңалықтары