50346
Филиппинде әтештер шайқасы кезінде полиция қызметкері қаза тапты
Филиппинде әтештер шайқасы кезінде полиция қызметкері қаза тапты
Филиппин елінде полиция лейтенанты әтештер шайқасын заңсыз өткізген аулаға рейд жасау барысында қайтыс болды.
Әтештер шайқасын пандемия кезінде өткізуге елде тыйым салынған. Алайда, бұған құлақ аспаған Солтүстік Самар провинциясының тұрғындары өз ауласында әтештер шайқасын ұйымдастырған. Аталған ауданға рейд жүргізген полиция қызметкерлері мұны ұйымдастырушыларды ұстаған. Кейін дәлел ретінде әтештердің бірін ұстауға тырысқан полиция қызметкері Кристиан Болокты аяғына ұстара байланған әтеш белінің сол жақ тұсынан ұрып, нәтижесінде көп қан жоғалтқан Кристиан ауруханаға бара жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
«Бұл жазатайым оқиғаны тіпті сөзбен түсіндіре алмаймын... Полицияда қызмет еткен 25 жыл ішінде әтештің аяғына байланған ұстараның себебінен полиция қызметкерінен айрылып қалдым»,-дейді жергілікті полиция басшысы Арнел Апуд.
Әтештер шайқасы Филиппин елінде танымал спорт түрі саналады. Аталған ойынға ұтыс тігетін жергілікті тұрғындар әтештердің аяғына ұстара байлап, оларды өзара шайқастырады.