Моңғолиядағы марафоншы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды

Моңғолиядағы марафоншы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды

Моңғолиядағы марафоншы қазақ жігіті әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
346
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген қандасымыз Абылайхан Бақытнасыр бес жылдан бері жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысып келе жатыр. Таяуда ол AVC ұйымдастырған әлем чемпионатында бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды tengrinews.kz.  width= Абылайхан Бақытнасыр – Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Жасы 19-да. Бүгінде ол - 64, 50, 42, 21 шақырым қашықтыққа жүгіретін кәсіби спортшы. Баян-Өлгий аймағының ұзақ қашықтықта жүгіруден жеңімпаз атанған алғашқы спортшысы. Әкесі ауруханада күзетші, ал анасы Кабира – аспаз. Биыл қыркүйек айында Абылайхан AVC World Championships-ке қатысып, бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды. Тізімді ұйымдастырушылардың ресми сайтынан көруге болады. «Жарысты АҚШ ұйымдастырды. Бұл жолы әлемнің 50 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс онлайн өткізілді. Оны бақылаушылар арнайы бағдарлама арқылы бақылап отырды. Яғни әр қатысушы GPS тағып қатысты. Мен 5 шақырымды 16 минут 5 секундта жүгіріп өттім. Қарсыластарымнан екі минут бұрын келдім. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш болды. Халықаралық жарыстың екі дүркін чемпионы атандым», – дейді Абылайхан.  width= «Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атану – бала кезімнен бергі арманым болатын. Арманыма қол жеткізу мақсатында жаттығып жүргеніме бес жыл болды», – дейді ол. Сондай-ақ, ол пандемия аяқталып, шекаралар ашылғаннан кейін Қазақстанға келу жоспарында барын айтады.  

Серіктес жаңалықтары