780
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
Моңғолияда жергілікті әкімшіліктердің сайлауы аяқталды. Моңғолияның батысындағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағының әкім болып – қандасымыз Бауыржан Дәлелұлы сайланды.
Еске сала кетейік, тамыз айында Моңғолия Парламент сайлауы болып, нәтижесінде Халық партиясынан – 62, Демократия партиясынан – 11, басқа коалицялардан – 3 Моңғолия Ұлы Құрылтайының депутаттық мандатына ие болған. Оның ішінде баян-өлгейлік үш қандасымыз Парламент депутатына сайлғанған. Олар – Қазақстан мен Моңғолия парламентаралық тобының төрағасы Бәделхан Қабдысіләм, Моңғолияның денсаулық сақтау саласының қайраткері Бейсен Бұлан және белгілі кәсіпкер Әубәкір Тілеухан.
Қазанның 27-күні Баян-Өлгей аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының бірінші отырысында Демократия партиясы атынан (Моңғолия президентінің кеңесшісі) Жандос Шәріп өз кандидатуарсынан бас тартып, 39 делегаттың (аймақтық депутаттардың) 100% дауыс беруімен Халық париясының үміткері Бауыржан Дәлелді аймақ әкімі ретінде сайлау туралы Қаулысын Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хүрэлсүхке жолданған.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының төрағасы және аймақтық Халық партиясының басшысы болып қызмет атқарған Бауыржан Дәлел Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
Биыл Баян-Өлгей аймағынының орнауына 80 жыл толды. Бұған дейін аймақ әкімі болған басшылар:
- Қаби Бәжіұлы (1940-1942)
- А.Бэгзжав (1942-1943)
- Жеңісхан Дүзелбайұлы (1943-1950)
- Құрманхан Мұхамәдиұлы (1950-1952)
- Ч.Шагдар (1952-1953)
- Құрманхан Мұхамәдиұлы (1954-1955)
- Қабдыл Шәбіұлы (1955-1958)
- Рым Жуанғанұлы (1959-1970)
- Сарай Асқанбайұлы (1970-1978)
- Қызырхан Құсбекұлы (1978-1989)
- Т.Даваажав (1989-1990)
- Мизамхан Күнтуғанұлы (1990-1996)
- Мейрам Қадырұлы (1996-2000)
- Бәделхан Қабдысіләмұлы (2000-2004)
- Қабсаттар Омарұлы (2004-2007)
- Қабыл Сәкейұлы (2007-2012)
- Дәрмен Құзкейұлы (2012-2016)
- Ғылымхан Айыпұлы (2016-2020)
- Жылдық кірісі:102,5 миллион төгрөг
- Патер, құрылыс нысаны:Құны 162,6 миллион төгрөгке бағаланатын 1 хаус, 1 пәтер үй, тұрғын үйі, 1 автогражы бар.
- Автокөлік:Құны 12 миллион төгрөгке бағаланатын Toyota Camry автокөлігі бар.
- Мал саны:Жылқы 25, жүйрік ат 8
- Жері:847м2, 888м2 10 миллион төгрөг
- Жинақ:Жергілікті банктердегі есепшоттарында 65,6 миллион төгрөг жинақ қоры бар.
- Қарызы:4 млн төгрөг
- Компания:«Аумин» компаниясының 70% үлесін иемденеді.
- Басшылық: Баян-Өлгей АӨҚ-ның төрағасы және Халық париясының басшысы
- Тіл білімі: қазақ, моңғол, ағылшын, орыс, қытай тілдерін біледі.